Кенжеахметұлы Сейіттің «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» деп аталатын жинағы көтерген жүгі мен бағасы жағынан энциклопедиялық еңбек деп тануға болады. Бұл кітапта халық «қара шаңырақ» деп кие тұтатын киіз үй және оның ішкі, сыртқы жиһаздарынан бастап әдет-ғұрыптарымыздың сан алуан түрлері және оның тәрбиелік қызметі мен орны кеңінен көрсетілген. Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған, салты мен санасына бағыт бағдар етіп сақтаған әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұғым мен ырым, әдеп пен тыйым, жөн-жосық, жол-жоралғы сияқты қазақ мінезі мен тіршілігін баяндайтын бұл бірегей жинақтан көп жайды біліп тануға болады.
Оған қоса тағы да қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын-сауықтары мен халықтық тәрбиесі туралы жан-жақты мағлұмат алғыныз келсе Айып Нүсіпоқасұлының «Тал бесіктен жер бесікке дейін» деп аталатын жинағын міндетті түрде оқыңыздар. Бұл кітаптарды М:Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың өнер саласындағы әдебиеттер бөлімінен таба аласыздар.