Түйе мойнын тұз кесер,
Жігіт мойнын қыз кесер.
Сартылдаған сары аяз,
Жылқының мойнын мұз кесер.
Бұлан да бұлан, бұлан сан,
Бұланның санын оқ тесер.
Бұлаңдап жүрген жігіттің
Жомарт қолын жоқ кесер!
Жауға шаптым ту байлап,
Шөпті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жалынды жүрек қан қайнап,
Елді-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап.
Ақтанберді Сарыұлы