Тойда, ойын-сауықта, қонақкәде сұрағанда, көбінесе алыстан келгендер: «Ауылдың алты ауызы» болмайтын ба еді? Әуелі өздеріңіз бастаңыздар», — деп қалатын әдеті бар. Демек, бұл — жол ауылдікі, өнер, өлең ауылдан басталсын деген сөз. Сөйтіп, өлең ауыл өнерпаздарынан басталады. Ауылдың алты ауызы дегеніміз осы. Бұл өлең табан астында суырып салып айтылған өлең немесе бұрыннан таныс өлең, жырлар да болуы мүмкін. Мұның ән, әуені де әр түрлі болады.Ол елден-елге тарала береді. ауылдың алты ауызы өнерді дамытуға, әнші, домбырашылардың талантын көрсетуге зор қызмет еткен. Дала өнерін дамытқан, өрістеткен. Жастарды өнерпаздыққа баулыған.