Баталасу


Аталған салт — әр азаматтың, елдің, тектіліктің, сөзде тұру және келісімнің, бірліктің, беріктіктің үлкен жолы. Бұл жол құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызы үлкен шараларда жасалады. Сонымен бірге баталасу хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орныңда жасалып, қол алысып орындалатын ғұрып және ол ұзақ мерзімге, тіпті мәңгілікке жалғасады. Баталасыпты деген сөз — ел ішінде маңызы өте зор іс.
Баталасу — қасиетті ұғым. Оны бұзу — қазақ арасында өте жаман іс. «Бата бұзған» деген — қарғыспен тең, өте ауыр сөз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *