Жаныс кетсе, орнына жаппас қонақ.
Жаман елдің жақсы болғанша,
Жақсы елдің жаманы бол.
Құдай қарғысынан халық қарғысы қатты.
Көлден кетсе жалбыз мұң,
Елден кетсе жалғыз мұң.
Кісі еліңде күркірегенше,
Өз еліңде сіркіре.
Кеңескен ел азбайды,
Кең ішкен киім тозбайды.
Көктем гүлдің бағын ашады,
Көсем елдің бағын ашады.
Көшпелі елдің қоры болғанша,
Егінші елдің зоры бол.
Қалыптан шықсаң да, халықтан шықпа.
Қонысы ауған ел оңбас,
Өрісі ауған ел оңбас.
Көшпелі елде ақың болса,
Көше-көше қасыңа келер.
Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тоң тозбас.
Кеңесті ел кемімес.
Көштік – жорық, қондық – халық.
Көшкен жұрттың қадірі қонғанда өтер.
Көтермеген болса жұрт жаман.
Көрген жерде ауыл бар.
Қонған жердің қадірін көшкенде білерсің.
Қазансыз алтын ошақтан, қар сулы мосы артық.
Қазақ – қарға тамырлы.
Қаңыраған алтын ордадан, қарасы мол қос артық.
Туған жердің ауасы да шипалы.
Үй ішінен жау шықса, тура қашып құтыла алмайсың.
Халық күбірлесе, тау естиді
Тау күбірлесе Тәңір естиді.
Халық- қатесіз сыншы.
Халық ханға бағынғанда- бала,
Ашуланғанда- әке.
Айран ұйытса іріткен,
Тері илесе шіріткен.
Ата алмай атынан көреді,
Қайтып келіп қатынынан көреді.
Алтын тағын болғанша, алақандай жерін болсын.
Аңшы қанша айла білсе, аң сонша жол білер.
Ас ішіп аяқ босатар.
Алтын шыққан жерді белден бас.
Арбаны ат тартпайды, жем тартады.