Құдай туралық қазақша мақал-мәтелдер

Сопы сұмнан шығады.


Сыбырлағанды Құдай естімей ме?


Талап пендеден, көмек Алладан.


Таңғы нәсіп- Тәңірдерн.


Тәңір – біреу, кезек – екеу.


Тәңірінің құдіретін көрем десең тауға бар.


Тәңір үйген төбені,
Пендесі кетпендеп тауыса алмас.


Тәубә қылсаң маған, тағы берем саған.


Тәңірі асыраған тоқтыны қасқыр жемейді.


Тамыр берген түйеден,
Тәңір берген тоқты артық.


Тобы бірдің Тәңірі бір.


Тұттанған сөзді қолданған,

Мұхаммедке үмбет емес.


Туыс атадан, көрші Алладан.


Тас – таразы, Құдай – қазы.


Тәкаппарды тәңір сүймейді.


Тазша бір іс істейді,
Құдай оны қолдаса.


Тазалық – иманның жартысы.


Тентек молла – телмірген өгіз.


Тамұқты көрмеген,
Ұжмақтың қадірін білмейді.


Тәкаппардың тәубесі қабыл болмайды.


Тәубеден соң күнә жоқ.


Уәде – Құдай аты.


Ұлыңды алып қыз берсе,
Қорлағаны Құдайдың.

Қызыңды алып ұл берсе,
Сыйлағаны Құдайдың.


Ұранға сенбе, Құранға сен.


Ұят кімде болса, иман сонда.


Ұят – иман белгісі,
Ұяттыда иман бар.


Ұят – иманның қабы.


Ұятсыздың беті күшала.


Үмітсіз шайтан.


Үлкен иманды болса,
Кіші ибалы болады.


Халықтан ұял, Құдайдан қорық.


Ханмен қас болма, құдайға қарсы болма.


Шала молда шариғатқа жат.


Шөлге құдық қазған сауап.


Өзенге көпір салған сауап,
Жолға ағаш еккен сауап.


Шала молла шарт етер.


Шала молла жалтақ,
Сөлер сөзге шорқақ.


Шала молла шарық айтар.


Шәһит орны жұмақта.


Шариғат ағып жатқан бұлақ,
Бұрынғының сөздері жағалай біткен құрақ.


Шайдан басқа асым жоқ,
Құдайдан басқа досым жоқ.


Ізгі іске илансаң, құдай сені сүйеді
Жауыз іске илансаң ,құдай төбеннең ұрады.


Ісің ақ болса, құдай саған жақ.


Іс деп салдым бір істі,
Алла оңғарсын бұл істі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *