Бұлыңғыр Алматының мұнарындай

Бұлыңғыр Алматының мұнарындай,
көңілден қойды-ау ащы мұң арылмай,
серт етіп енді ешкімді сүймеске мен,
мазасыз күй кешпеп ем, сірә, мұндай…
Еріксіз еркімді алып бүгін менің,
тал түсте күнім болып күлімдедің,
Қаншалық қиын еді үмітті алдау,
көмейде тұрып қалды-ау дірілдеп үн.
Сен бе едің ендігі үміт, арманым да,
Шынымен ғашық болып қалғаным ба,
Көңілі тоқ,
көптен бері «бақытты» едім,
мұншалық батып па едім таңда мұңға!
Мамырдың есімді алып балғын демі,
барады еліктіріп таң дүрмегі.
Кім білсін, қаратпастан айналаға,
бастарын қайда ғана тағдыр мені?!
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *