Даласының шегі жоқ…
көрді көзің,
баласымын осынау елдің өзім.
тартып тудым тегіме, деп те бүгін
шалқып алар, шалқақтап, келді кезім!
Тауы да бар бойымда,
өзені де,
ұқсап туған ұлмын-ау өз еліме;
Қыран болып шүйілем тепсінгенде,
Теңей берме әлдебір көжегіңе…
Сәкен Иманасов