КӨҢІЛ

Құтылып бір міндеттен,
жеңілдеп ек, –
кетті ме көтеріліп көңіл кенет,
құданың рас болса қолдағаны,
жаман да болмағаны өмір демек…
Сіресіп сәтсіздіктер келіп еді,
көктемгі күртік қардай ерігені,
көгіңе жүзіп шығып ырыс бұлты,
көмейден күміс күлкі төгіледі.
Ұялап кеудесіне түрлі мақтан,
жігіттей, таң атқалы,
күнді баққан,
Сыртына ақбоз үйдің ағызып кеп,
түскендей боласың-ау ырғып аттан…
Астында аяғыңның жер дөңгелеп,
күтпестей ендігәрі елден көмек,
бой сергіп,
жеңілейіп жүресің-ау,
жиырма бес қайта айналып келген бе деп.
Жібектей есілесің,
шешілесің,
жаттың да жамандығын кешіресің…
Аяйсың алакөңіл ағаны да,
айттым деп ана жолы несіне сын.
Ыдырап кешегі ащы өкпелерің,
әудем жер көрінеді жетпегенің,
сезесің – дәл осындай болса бұрын –
тағдырдың онша қырын кетпегенін…
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *