Бір сен деп қайда ғана бір кетпедім

Бір сен деп қайда ғана бір кетпедім,
Бүрсеңдеп боранда да дірдектедім.
Қаншама жырымды да саған жазған
Қалтамда сақтай-сақтай кірлетпедім.
Ерітіп өзіңді де отым менің,
Есімде біржолата бекінгенің,
Кеудемде ұя салған қарлығашым,
Менікі, тек менікі-ақ секілді едің…
…Барында жұрт қызығар келбетіңнің,
Ойланбай от бастың да…
Енді өкіндің.
Қайтеміз мұң да шағып,
Тыңдашы анық.
Айта алмай айтарымды
Мен де тұрмын…
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *