Қоя бердім…
Қолыңды жаңа қыспай.
неге тұрсың,
дүр етіп далаға ұшпай?
Алақанда
Саусағың дір-дір етті-ау,
Қаршығадан шошынған бала құстай!..
Қоя бердім қолыңды…
Тіпті қыспай,
Неге тұрсың, күнім-ау,
Үркіп ұшпай?
Бұлқынысты-ай, мына бір кеудемдегі,
Жүректегі жүгенсіз жұлқынысты-ай!..
Жолбарыстан шошынған елік пе едің?
Елік пе едің,
Ес тұтып келіп пе едің?
Елеңдетпей…
Ұшып-ақ кетсең еді
Ерсі шығар ендігі желіккенім..
Сәкен Иманасов