Құттықтау 70 жас


Құрметті, …….. ! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесіне жеткізді. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Адам баласының өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы 70 жастың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан сізге деген құрметіміз зор. Еңбекте қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып жүрсіз.
Ұстаз – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті. Сіздің еңбек жолыңыз да — өз халқына, оның мүддесіне мінсіз қызмет жасаудың жарқын мысалы. Қазақстан халқының дамыған елдермен иық тіресіп, озық ұлт өкілдерімен терезесі теңелгенін әрбір қазақстандық қалайды. Дарынды жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай біз дамыған елдермен біліміміз бен ғылымымыз теңескенде ғана қатар тұрамыз. Талай шәкіртті білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие берген, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде көп еңбегіңіз сіңді. Білім-ғылым көшін жылжытып, кәсіби тұрғыда биіктеуді мақсат еткен Сіздей жандарға құрмет арта бермек! Сіз барлық атқарған мәртебелі қызметтерде жоғары белсенділік танытып, ел ішінде үлкен беделге ие болып отырсыз. Осындай абзал істерге аянбай еңбек етіп жүрген қадірлі азаматқа деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болсын деп тілеймін. Жаңа тарихымыздың жарқын болашағы жолында еңбегіңіз жана берсін! Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілеймін! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *