ТІКЕЛЕЙ ҚАДАҒАЛАУ, ЖАНАМА ҚАДАҒАЛАУ, ҚАДАҒАЛАУ ЖОЛЫ

 

Біз бетпе-бет келетін проблемалардың бәрі төмендегі үш санаттың біріне жатады: тікелей қадағалауымыздағы проблемалар (шешімі өзімізге байланысты); жанама қадағалаудағы проблемалар (шешімі өзгелерге байланысты); қадағалауымыз міндетті емес проблемалар (біз еш ықпал ете алмайтын, өзгерте алмайтын түйткілдер, мысалы, өткен өміріміз немесе қалыптасқан жағдай). Проактив тәсілдің мәні — үш санаттағы проблеманың бәрін шешудің алғашқы қадамы бүгінгі ықпал ету шеңберінің ішінде жасалуға тиіс. Тікелей қадағалауымыздағы проблемаларды, дағдыларымызды жетілдіре отырып шешуге болады. Олар біздің ықпал ету шеңберімізде екені анық. Мұны «жеке жеңіс» ( бірінші, екінші және үшінші дағдылар) дейміз. Жанама қадағалауымыздағы проблемаларды шешу үшін эсер етудің әдістәсілдерін өзгертуге болады. Бұлар «ортақ жеңіс» (төртінші, бесінші және алтыншы дағдылар). Мен ықпал ету тәсілдерінің бір-біріне ұқсамайтын отыздан аса түрін екшедім. Мысалы, эмпатия мен конфронтация бір-біріне қарамақайшы, жеке өнеге мен сөзбен сендіру екі бөлек үғым. Көп адам тек үш-төрт тәсілмен ғана жарақтанған. Әдетте бәрі көндіруден басталады. Көнбесе, дауласушылар айырылысып тынады немесе бір-бірімен
текетіреске түседі. Осы орайда, ескі тиімсіз тәсілдерге жүгініп, басқа адамды
«өзгертуге» тырысудың орнына адамға эсер ететін жаңа амалдарды игеруге
болатыны мені қуантады. Қадағалауымыздан тыс проблемалар бізден тек жауапкершілікті ғана талап етеді. Құр босқа уайымдамай, түйткілді сол күйінде қабылдауымыз, тіпті олар бізге ұнамаса да әрі қарай өмір сүруді жалғастыруымыз қажет. Бұл біз түйткілдердің ырқына көндік дегенді білдірмейді. Басқаша айтқанда, біз аноним маскүнемдер қауымдастығының «дүғасы» рухымен өмір сүреміз: «О, Жаратқан, мен өзгерте алатын не өзгертуге тиіс дүниенің бэрін өзгертуге батылдық бер, ал өзгерте алмайтын дүниені қабылдауға сабыр бер, әрі осы екеуін бір-бірінен ажырата алатын ақыл-ес бер» деуден басқа амалымыз қалмайды. Проблема қай санатқа жатса да, оның шешімін іздеуге алғашқы қадам жасау өз еркімізде. Біздің қадағалауымыздан тыс проблемаларға әсер ету тәсілдеріміз бен оған деген қарым-қатынасты өзгерту, соған сай дағдыларымызды жетілдіру — мұның бәрі біздің ықпал ету шеңберіміз аясындағы әрекеттер.

Стивен Кови
Жасампаз жандардың 7 дағдысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *