АРНАУ

Ойладым сені,
Арасынан гүлдің көрсем деп!
Қырдағы қызғалдақтарды,
Алқа қып өріп берсем деп.
Ойладым сені,
Жасыл көктемнен көрсем деп!
Жасынның жарқылдарын мен,
Жанарыңа нұр қып берсем деп.
Ойладым сені,
Көлдің ішінде көрсем деп!
Балауса, балғын тəніңді,
Көзіммен шешіндірсем деп.
Ойладым тағы,
(Есалаң жоқ-ау, əй, біздей!)
Көлдегі сұлулығыңнан,
Аспанда қалса ай жүзбей…
Есен бол енді,
тағдырдың солай жазуы,
Əсемдіктің қол жетпес темір қазығы.
Айна көзіңнен көрініп тұрды
маңдайымның терең əжімі…
 
5 тамыз 2001 ж

Мұрат ШАЙМАРАН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *