НЕВА ЖАҚТАН ЖЕЛ ЕСЕДІ

Отырғанда мен орманда оңаша,

Нева жақтан жел еседі тамаша.

Жұмсақ леппен  маңдайымнан сипайды,

 Жас жанымды аялаған анаша.

Ол айтады: аярым жоқ сенен, – деп,

Жер айтады: саған жəрдем берем, – деп.

Күн күркіреп,

найзағайы ойнайды:

– Сені менен бірге жауды жеңем, – деп.

Отырғанда мен орманда оңаша,

 Нева жақтан жел еседі тамаша.

Сол бір желдің жұпар лебін жұтамын,

Мəз боламда бейне сəби балаша.

  1. Волхов майданы

С. Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *