Бастағы тежей берем ой легін көп,
Тұрса да тілім қышып, сөйлегім кеп.
Дос дейтін дос та жоқ қой,
Жүргендер бар,
Өзіңді кейде мақтап, кейде күндеп,
Жігіт көп сөзі емес-ау,
өзі мығым,
Солардың көтерілер кезі бүгін…
Көлегейлеп көбіңді көрсетпесе,
Адамның болмай қайтсін төзімі құм.
О мейлі, енді олармен егесем бе,
Кетіп жүрген күні жоқ көп есем де.
…Бүкпесіз бір ойымды бердім айтып,
Оқушым, өзің білші не десең де.
Сәкен Иманасов