Біраз өмір сүрдім білем,
Ал енді
Қай қызығын сыйлар екен туар күн.
Кейде қатты қайғырсам да дәлелді:
Көз жасыммен көп моланы суардым.
Қазалар бар –
қалатында күн алыс.
Біреулердің өліміне шын нандық.
Мәңгі тірі қалып жатыр бір таныс.
Бар өмірін тек сол үшін құрбан ғып
Сәкен Иманасов