Бүгінгі келбет, нұр көрік,
Жарқырай бермес, тотығар.
Алпысқа таман тың келіп,
Ақыл да шаршап отырар.
Күлкіңнің құны қымбаттар,
Қызыққа қайнап қан қызбай.
Бүгінгі асау ырғақтар,
Құрық та жүрер салғызбай.
Қарттық – ол қысқа қоныс-ты,
Өкінбеу үшін өткенге,
Қолыңнан келген көп істі
Қаусатып кет сен көктемде…
Сәкен Иманасов