Арыз

Ақмола  облыстық  филармониясына  Ұлы  Отан  соғысында қыршын кеткен композитор,әйгілі «Жас қазақ»әнінің авторы,Көкше өңірі, Құдықағаш ауылының түлегі Рамазан Елебаевтың атын беру жөнінде үлкен дау болады. Қазақтың біртуар азаматы-ныңардақтыесімін ардақтау ісіне белсене араласқан Баянғалидың үстінен біреулер облыс әкімі Мәжит Есенбаевқа ақынды «ұлтшыл, рушыл»деп айыптап, арыз да жазады.

Сонда Баянғали:

Біздің ел қазақ елі аталады,

Ана тіл әуенінен от алады,

Бізді ешкім жеңе алмайды,ұмытпасақ

Бір Алла, пайғамбар мен аталарды!

Өлеңнің ашсам бұлағын,

Азаттық менің ұраным,

Жасымнан жырлап келемін,

Даланың байтақ жыр-әнін,

Түбі бірге түрігім,

 Қырғыздың Манас қыранын,

Тату-тәтті көршім деп,

Қыздарымен орыстың

Қалжыңдасып тұрамын,

Жалпыға шаштым жарқырап,

Жанымның әзіл шуағын!

Жақсылықтан қашпаймын,

Жамандыққа баспаймын,

Мақтағанға таспаймын,

Әуелі Алла жар болып,

Алашым қолдап тұрғанда,

Манасым қолдап тұрғанда,

Басқалардан саспаймын! –деген екен.

Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *