–Сен жазушысың ғой, айтыс пен жырға кеткенің қалай?–деп-ті бір жазушы жолдасы.
СондаБаянғали:
–Бұл сұраққа 1985 жылы айтқан мына өлеңіммен жауап берейін:
Тоған болған ойларды
Бұздырғалы келгенмін,
Суып қалған қандарды
Қыздырғалы келгенмін,
Кеудемдегі жалыным
Сөнбесін деп келгенмін,
Қазағымның киелі
Айтыс дейтін өнері
Өлмесін деп келгенмін!–деген екен.
Б.Әлімжанов