Қыземшектің қызуы

Көкшетауға бара жатқанда, жол бойындағы бір төбеден өте бергенде:

–Мына төбенің аты Қыземшек!

Қазақ ат қоюға шебер ғой!

 Қалай дәл қойған!–дейді Баянғали рөлде келе жатқан жас музыкант Мейрам Тәлімұлына.

–Кәне? Кәне!? Керемет!–деп, Мейрамқызыға қарап,мойнын бұрып, ұмтылып-ұмтылып қойса керек. Сонда ақын әзілдеп:

Қыземшекті көргенде қыз-қыз қайнап,

Жөнелдің мәшинәңді жүзбен айдап,

Сіздей кезде біздер де шырқағанбыз,

Түлкіні қарға аунатып, мұзбен ойнап,

Қол жетпеске мойныңды созамын деп,

Жолдан шығып кетпегін сорың қайнап! –деген екен.

Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *