Баянғали оныншы класта оқып жүргенде Степнякта, апасы Ләйләнің үйінде тұрыпты. Бір күні бір жолаушы келіп, Семей жақ-тан келе жатқанын, жүк машинасы сынып қалғанын, енді бүгінше қонып шығатын үй іздеп келгенін айтады. Содан апа-жездесі ата-аналарыСүйіндік пен Күлшатты шақырып, әлгі кісіні тамақтанды-рып,қонуға үлкен үйге жібермек болады.
Ас үстінде сөйлесіп, жөн сұрасады.
–Мен Найман жігітімін,–дейді қонақ. –Сіздер кім боласыздар?
–Керейміз,–дейді Сүйіндік ақсақал.
–Е-е, Керей болсаң, Керей бізде де бар! Біз оларды: «Керей, шертіп қалсаң,серей!»дейміз!–дептіқонақ.
Үйдегілер не дерін білмей, үндемей қалса керек. Сонда,Керейдің үйіне кіріптар болып келіп, кекетіп отырған қонақтың қы-лығына қаны қызып кеткен оқушы Баянғали:
–Мына Найман не деген хайуан!–деген екен. Жұрт ду күліпті.
Б.Әлімжанов