Бір күні Баянғали сырқаттанып, Астанада дәрігерге келсе, Еңбекшілдер ауданында басшылық қызметте істейтін құрдасы Темірбек Омаров отыр екен. Жөн сұрасқанда:
–Асқазан ба, шек пе, бауыр ма, әйтеуір іш құрылыс мазамды алып тұр, –дейді ақын.
–Е-е, жей бересіңдер, жей бересіңдер! Содан ауырасыңдар!–депті Темірбек. Сонда Баянғали:
–Сендердің жегендеріңнің жанында біздікі не дейсің? Жеген-нен ауырса, бастықтар баяғыда мүрдем кетер еді ғой! Өзің неғып жүрсің?–деген екен. –Құлағым ауырып… –дейді әкім құрдасы. Сонда ақын:
–Бастыққа құлақтың керегі не? Бәрібір ешкімді тыңдамайсың-дар!–деген екен.
Б.Әлімжанов