Үзілдік пен Гүлжайна

Жұбан Молдағалиевтің 80 жылдығына арналған республика-лықайтыста (Орал қаласы, 2000 ж.)ақындарды алдын ала жұпта-ғанда Баянғали батысқазақстандық ақын құрдасы Үзілдік деген келіншекпен айтысатын болады. Дәл айтыс басталарда Үзілдіктің ауданнан келе алмай қалғаны белгілі болып, қазылар алқасыБаян-ғалиды өзінен көп кіші оралдық ақын қыз Гүлжайна Бисенғалие-вамен  айтысқа  шығарыпты. Жаңа  ғана  танысқан  қарсыласына Баянғали:

Құрдасымыз Үзілдік,

Жолына қарап сүзілдік,

Үзілдігім келмей қап,

Үздігіп босқа бұзылдық!

Гүлдей нәзік Гүлжайна,

Күндіз жайна, түн жайна,

Жалғыз өзің жайнамай,

Меніменен бір жайна! –деп әзілдеп, екеуі әдемі айтысып кеткен екен.

Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *