Айтыстан кейінгі айтыс

1984 жылы Кенен Әзірбаевтың жүз жылдығына арналған рес-публикалық айтыста Алматы қаласының атынан айтысқа тұңғыш рет шыққан Баянғали шымкенттік Әселхан Қалыбековамен айты-сады. «Сен Көкшетаудан келіп,Алматыны меншіктеп алыпсың ғой!» –деп қалжыңдаған Әселханға Баянғали:

Адамбеков Садықбек,

Бақбергенов Сәуірбек,

 Найманбаев Қалдарбек,

Тұрсынқұлов Қалаубек,

О да келген Шымкенттен!

Әлімқұлов Тәкен мен

Сүлейменов Асқар да,

 Исабеков Дулат пен

Талай мықты басқаң да

О да келген Шымкенттен!

Өтебаев Тынысың,

Бізден тауып жұмысын,

О да келген Шымкенттен!

Әмірбеков Көпенің

Одан басқа бөтенің,

Ергөбеков Құлбегің

Одан басқа сан бегің,

О да келген Шымкенттен,

Мықты болса қалаңыз

Неге келген Шымкенттен?!–деген екен. Содан, айтыстан кейін, жазушы Тұтқабай Иманбеков, аудар-машы Қайсар Жорабеков, сыншылар Сайлаубек Жұмабеков, Әуез Бейсебаев, фототілшілер Сайлаубек Пернебаев, Берсінбек Сәрсе-нов, Баянғалидың курстасы, аудармашы Лесбек Нұрымбетов, жур-налист Қалыбек Атжанов, сатирик Базарбек Түкібаев, тағы да бі-раз шымкенттік жолдастары өкпесін білдіріпті.

 –Шымкенттік мықтыларды айтқанда, бізді неге айтпай кеттің?!–деседі. Сонда Баянғали:

–Сендер анау сан бектердің ішіндесіңдер ғой!–деген екен.

Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *