Қылмыстық топ

Ақын Әбубәкір Қайрановтың Алматыдағы «Мамыр»ықшам ауданындағы үйінде ақындар жиі бас қосып, поэзия кештерін өткі-зіп тұрады. Бір жолы Семейден ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов келіпті. Оларға сәлем бере келгенжас ақындар қандай, емін-еркін бір жұма дүрілдетсе керек. Бір күні Баянғали звондаса, телефонды Әбубәкірдің  сабырлы, парасатты  зайыбы  Гүлзия  алып, болған жайды айтады. Сонда Баянғали.

Қосылса Әбубәкір, Тыныштықбек,

Кетеді қаңтарда да күн ыстық боп,

Мамырды азан-қазан қылады екен

Секілді басын қосқан қылмыстық топ!–деген екен.

Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *