1982 жылы«Қиқыматтың хикаялары»атты тұңғыш кітабы шыққанда,Баянғали,жанында ақын Әбубәкір Қайранов бар, «Қа-ламгер»кафесіне келеді. Ол жерде отырған Асқар Сүлейменовке кітабын көрсетеді шаттанып. Асекең имек тұмсығын саумалап қойып,кітаптың сыртындағы Баянғалидыңтаңқиып түскен суреті-не қарап отырып:
–Қазіргі жігіттер қызық, бір кітап шығарса болды,танауларын көкке көтеріп шыға келеді!–депті. Сонда Баянғали:
–Біреудің танауы көкке қарайды, біреудің танауы көтке қа-райды!–деген екен. Асекең: «Класс!»–депті, мырс етіп.
Б.Әлімжанов