Әбубәкір Қайранов шығармашылық кешін өткізуге дайындалып жүріп, әнші Сүлеймен Ибрагимовке:
–Сендердің аттарыңды афишаға қалай жазсам екен? Белгілі, әйгілі әнші деймін бе, әлде эстрада жұлдыздары десем бе екен?!–депті.
–Ой, аға, жай әнші дей салыңыз, тіпті, жазбай-ақ қойыңыз,–депті Сүлеймен.
–Жұлдыз десеңіз ұят болар, жұлдыз деп еңбегі үлкен аға-апаларымызды айтсақ жарасар…
Сонда Баянғали:
–Жұрттың бәрі жұлдыз болып жатқанда, өзіңе қимайсың ба? Сен де жұлдызсың, қазақтың аспаны кең, бәрің де сиясыңдар!–деген екен.
Б.Әлімжанов