Жайықтың қанаты

        (Жәнібек Кәрібжанов –сол кездегі Ауыл шаруашылық минис-трі. Сол жылдары шегіртке қаптап,үкіметте үлкен әңгіме болған екен.)Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына орай Қарағандыда  өткен  айтыста  Баянғалимен  айтысқан  Қойлыбай Асанов әдебиетіміздің ақсақалдарының бірі Жайық Бектұровтың есімін құрметтеу жөнінде ой қозғайды. Сонда Баянғали көрермендермен бірге залда отырған облыс әкімі Камалтин Мұхамеджановқа қарата былай деген екен:

Өргемұрты шаншылып,

 Ел басқарған азамат,

Кәмекеңді қадірлеп,

Өзімсініп Өскемен,

Абаш қанша бөскенмен,

 Қарағайдай Камалтин

Әкім болып көркейіп,

Өсіп шыққан Көкшеден!

Алаштың бір ардағы

Жайық еді,

Құрметке қандай үлкен лайық еді,

Тірідей темір үйде өртегенде,

Жаланы мойындамай қалып еді,

Түгендеп әдебиет пен тарихыңды,

Қанатын бар қазаққа жайып еді,

Сол Жайыққа бір көше бере алмаса,

Камалтин ағамызға айып енді!

Ақындар айтқан елдің тілегі әкімнің де ойына дөп келсе керек, ұзамай бір кітапханаға Жайық Бектұров есімі беріліпті.

                Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *