Жөнделу

     Астаналық дипломат, кәсіпкер Абай Әбуов Баянғалиды туған жері –Мақтарал ауданы, Жетісай қаласына қыдыртып, ел, жермен таныстырыпты. Барған бетте жергілікті кәсіпкер досы Жүсіптің үйіне түседі. Сөйтсе, ол үйде түнімен қонақтар болып, Жүсіп әб-ден шырқаған екен. Сол қызуынан айықпаған ол жаңадан келген меймандардың мазасын ала бастапты. Амалын тауып ол үйден ке-тіп қалған қонақтарды жетісайлық Мейірбек, Айдар, Болат деген жігіттер жақсылап құрметтеп, сыйлайды. Сонда Баянғали Абайға қарап:

Жетісай деген жер көрдім,

Жүсіп деген ер көрдім,

Меніменен ішпейтін

Қандай қызық қазақсың

Деп қиғылық салғанда,

Қайтерім білмей сенделдім,

Қазына халқың тұрғанда,

Қазымырға апарып,Абайжан,неден қор болдың?!–деген екен. Ертеңіне ес жи-ған Жүсіп меймандардың алдына келіпті. Сонда ақын осы өлеңін:

Жол болсын айтып таңертең,

Жүсібім енді жөнделдің!–деп түйіндеген екен.

          Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *