Көкшетау қаласының құрметті азаматы Серікжан Қасымов бір жолы мәжіліс сайлауына түседі. Ол кісіні қолдаушы топтың үлкені Бөгенбай Жанайдаров кезінде өзі басшы қызметте істеген Щучье ауданын аралап келе жатқанда орман ішіндегі демалыс үйіне тіке тартамыз деп жол нұсқап отырып, жаңылып Көкшетаудың сырты-на шығып кетсе керек. Сонда Баянғали:
Дауысын Серікжанның санай барып,
Ту сыртын Көкшетаудың жанай барып,
Түбіне қара судың тірелгенде,
Тұңғиық ойға батты Жанайдаров!
Жол жүрсең жалықпайсың Бөкеңменен,
Тартады кейде Бөкең төтеменен,
Тұп-тура төбесінен түсемін деп,
Шығады шыр айналып бөтен жерден!–деген екен.
Б.Әлімжанов