«Алпамысты жырлау»

     «Қазақстан»ұлттық телеарнасы «Мәңгілік сарыны»айдарымен халық қазынасы –жыр-термелерді жарыққа шығаруды қолға алып, алғашқы хабар–«Алпамыс батыр»жырын Қызылорда қаласында түсіріпті. Жұмыс барысында техникалық себептермен кідіре бер-ген соң,ренжи бастасакерек. Сонда хабардың авторы әрі жүргі-зушісі Баянғали:

–Алпамыс батырдың көргенінің жанында біздікі айт пен той емес пе!? Жер түбіне жортып,жеті жыл зынданда жатып, жүз мың қалмақпен соғысып,көрмеген қорлығы, жеңбеген жауы жоқ. Ал соның ерлігін жырлап шығуға шаршағанымыз қалай болар екен?!–дегенде, ду күліп, шабыттанған жыршылар таңғы сағат оннан кешкі тоғызға дейін талмай жырлап,хабарды ойдағыдай аяқтап шығыпты.

                          Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *