Көкшетау облысының елу жылдығын тойлағанда құрметті қо-нақтардың ортасында өлең айтқан Баянғали сөздің бір орайында облыс әкімі Қызыр Жұмабаевқа:
Мен өзі жігітімін Ақсарының,
Алдыңда өлең айтып ақтарылдым,
Атығай, Қарауылдар әкім болып,
Дұрыс қой Көкшетауды басқаруың,
Бір-екі Ақсарыны алмайсыз ба,
Орнына қасыңдағы көп сарының?! –деп әзілдеген екен, об-лыстық әкімдікте басқа ұлт өкілдерінің басымдылығын меңзеп.
Б.Әлімжанов