Алатудың ұшар басын сүйіп күн,
Қиясына көтерілді биіктің.
Күн сәулесі жақпар тасты жағалап
Лағындай ойнақтайды киіктің.
Таңғы думан қызып берді дәстүрлі,
Түні бойы жаурап шыққан тас күлді.
…Өкпелетіп кетті ме әлде түн сұлу
Қарағайдың кірпігінде жас тұрды
Сәкен Иманасов