Дәуірден алып есеңді,
Думанды еттің көшеңді.
Астаң да кестең дүние,
20-ғасыр, хош енді!
Ахметтей алғыр шешенді,
Тұрардай тұлпар көсемді.
Тұсаулап қана ұстаған,
20-ғасыр, хош енді!
Беліне артып бес теңді,
Түркия, Қытай көшкен-ді.
Қазақты қойған қаңғыртып,
20-ғасыр, хош енді!
Толғатып ойға кеселді,
Босанған дүлей не селді.
Сұрапыл соғыс тарихы,
20-ғасыр, хош енді!
Салған мың сәнді кешенді,
Ұлдарың темір төсенді.
Асылын өткен азаптап,
20-ғасыр, хош енді!
Бұзып та жарып не сеңді,
Тәуелсіз еткен осы елді.
Нұрсұлтандайын ұл берген,
20-ғасыр, хош енді.
Ақшагүл Төлегенова