Бізідің үйге қарлығаш ұя салған

Тұла бойы тұнған тек ұят, ардан,
Біздің үйге қарлығаш ұя салған.
Біздің үйге қарлығаш ұя салып,
Құдай маған бар бақты қия салған.
Қимылында биязы батылдық бар,
Олар үшін жұмыссыз жату тіпті ар.
Адамдарда тым сирек кездесетін,
Қарлығашта қимас бір татулық бар.
Жұбайлықтың ләззатын татып анық,
Шыйқылдайды ұяда жатып алып.
Жер бетінде адамдар біздер жүрміз,
Татулықтың тамшысын сатып алып.
Тоқтаған ба тоғанға қиял-ағын,
Кел, қарлығаш, жаныма ұялағын.
Татулықтың белгісін сенен көріп,
Жүргеніме адам боп ұяламын.
Қиялменен түндерім таңға ұласып,
Мейірімге қашан да жарлы басым.
Жер бетінен таппадым жылы мекен,
Мені ұяңа кіргізші, қарлығашым.
Кіргіз мені ұяңа балапан ғып,
Жаңа шыққан тұқымнан шала жан ғып,
Жылы ұяңда ұйықтайтын балбырап бір,
Қыттықтасын денемді балапан-түк.
Тоқтаған ба тоғанға қиял-ағын,
Қел, қарлығаш, жаныма ұялағын.
Татулықтың белгісін сенен көріп,
Жүргеніме Адам боп ұяламын..
 
Ақшагүл Төлегенова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *