Ұлыларға

Күн қызуы қара жерге нәр берер,
Гүл-бәйшешек жер бетіне әр берер.
Сүрінгенге сүйеу болып, жақсылар,
Қасырет-мұң шеккендерге әл берер.
Орны бөлек өресі кең ғалымның,
Бойы толған қасиет қой дарынның.
Абыройы асқар таудай тұлғалар,
Маңдайдағы марқасқасы қауымның.
Әл-Фараби,
Абай сынды даналар!
Алыптармен әлем бізді бағалар!
Шоқан, Мұхтар, Олжасымен бүгінде
Ұлылығын
Бүкіл әлем тән алар!
Ұлы жандар,
Қауыммен тіл табады,
Әр ісіне ой көзімен бағады.
Әділетті,
Адал, таза ісімен,
Үлкенге де,
Кішіге де жағады.
Ұлы жандар,
Көпке үкім етпейді.
Өзін ақтап,
Өзгелерді сөкпейді.
Ұлылардың ұлылығы осында,
Ашынғанмен зәрін, сірә, төкпейді.
Ұлы жандар,
Уәдеден таймайды.
Ертелі-кеш, елдің қамын ойлайды.
Тығырыққа тірелсе де титықтап,
Бақылдарға басын иіп бармайды.

Төребай Сәрсенбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *