Бiр жиында Баянғали аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығына әзiлдеп:
Айналайын,майырым,
Ұрының қолын қайырдың.
Талай жақсы жiгiттi
Ұстап алып, қаматып,
Семьясынан айырдың!–дептi.
Сонда қасында тұрған ауданның прокуроры: «Бұған дұрыс болды!» –деп күлiптi. Ақын оған:
Бұл өлеңнің бер жағы,
Айтылады ар жағы,
Айналайын прокурор,
Сау емессiң сен дағы!–деген екен. Сонда майор: «Мiне, жаңа дұрыс болды!» –дептi, күлiп.
Б.Әлімжанов