Баянғалидың балдызы Ұлтай Жаркентте Айдын деген жiгiтке тұрмысқа шығыпты. Каникулы бiткен соң Ұлтай Көкшетау педин-ститутына, оқуына келедi де, Айдын Жаркентте қалады. «Әне келедi, мiне келедiмен»екi-үш ай өтiп кетедi. Сонда ақын әзiлдеп, балдызының атынан былай деп өлең шығарыпты:
Айналайын, Айдын,
Сүйдiм, құшақ жайдым
.Келмей қойды артымнан,
Түрi құрсын деп жүрмiн
Бүйтiп тиген байдың!
Бұл өлең құлағынатиген соң Айдын Көкшетауға шауып келiптi. Содан жұмысқа тұра алмай бiраз жүрiп қалса керек. Тағы да балдызының атынан бажасына өлең шығарыпты:
Әкем Бақыш қой баққан,
Iнiм Тұраш ой баққан,
Мен боламын Жаркенттен
Көкшетауға әкелiп,
Безработный бай баққан!
Осыдан кейiн Айдын әйтеуiр жұмысқа тұрған екен.
.Әлімжанов