Қанарбай ата — киелім

Хақ тағала жаратты көк пен жерді,
Адам ата- Хауа ана көктен келді.
Ұлан-ғайыр әлемде ерекшелеу,
Адамзатқа артықша ақыл берді.
Өрбідік Адам ата – Хауа анадан,
Қассызды Хақ тағалам қаламаған.
Жақсыларға жар болып, желеп-жебеп,
Ақ көңіл, адал жанды аялаған.
Ізгілік нұрын Алла төкті Сізге,
Ерекше қасиетің түсті көзге.
Бойдағы иллаһи күш, құдыретің,
Жүз жетпіс жыл өтсе де, жетті бізге.
Сіз – киелі әулиесіз!
Халқын сүйген.
Мұқтаж бен момындарға себің тиген.
Шипа тауып дертіне мүтәліптер,
Құдыретіңді мойындап,
Басын иген.
Ұлы зергер бойында зер жүреді,
Көш басында көреген ер жүреді.
Өтсін мейлі жүздеген, мыңдаған жыл,
Мәңгі «Сіз» деп соғады –
Ел жүрегі.
Айтқандарым ақ сөз ғой, өмірдегі,
Сіз– бірегей бәйтерек өңірдегі.
Рухани күш алып рухынан,
Көңіл сергіп,
Бойымыз жеңілдеді.
Қасиет көп қой, Ата, бойыңызда!
Халқың қызмет етеді тойыңызда.
Аруағыңа бас иіп, Атажаным,
Жырымды тарту еттім тойыңызға.
 
Төребай Сәрсенбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *