Қазан мәселесі

         Бiр күнi қонақ келгенде Баянғалидың әйелi Әлия:

«Қазанға не саламын?» –депақынмен астың жайын ақылдасқан екен.

Сонда Баянғали:

Сандығыңның түбiне

Түк қоймастан сарқып сал,

Ертең де күн бар ғой деп,

Ептеп-ептеп тартып сал,

Түнде жортқан бөрiдей

Байекеңнiң достары,

Байқамай келiп қалар деп,

Бiр мүшесiн артық сал,

Не салсаңда мықтай сал,

Басты ауыртып қыртпай сал!–деген екен. Содан былай әйелi ақынның мазасын алмайтын болыпты.

                        Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *