Кеңащыда тұрған кезінде, бір күні Баянғали көршісі, темір пі-сірудің шебері, қара еңбектің қара нары Сабырмен бірге Көкше-тауға жол жүреді. Қотыркөлдің шұғыл бұрылысында жолдан шы-ғып кете жаздап, «шиқ-қ»еткізіп асфальттысырып барып, әрең дегенде «Жигулиін»бұрып үлгерген ақын ағасының ойға кетіп қала беретін сырын білетін Сабыр сәлден кейін:
–Байеке, байқаңыз! Бірдеме ойлап кеттіңіз бе?–депсұрайды.
–Әй, жаңа жолға шығарда қорадағы қара қошқар бөлек шар-бақтағы қара тұсаққа қарап маңырап, жұлқынып қалып еді! Екеуін бірге қамап кетпеген екенмін, қара қошқарға обал болды-ау деп ойлап кетіп едім! –деген екен.
Б.Әлімжанов