Қошқардың сәлемі

    Бiр жылы Талғат жездесi атасы Тақанға (Баянғалидың әкесi) «жаңа қора салғанша бiр жаз баға тұрыңыз»деп қойларын әкелiп тастайды. Жаз түгiлi,екi қыс өтедi, жездесi қойын әкетпейдi. Осы-лай уақыт өтiп жатқанда Баянғали жездесiн Тассу ауылында, жиенi Шегей Бекболатовтың үйлену тойында кездестiредi. Сонда Талғат:–Менiң қойларым қалай?–депсұраған екен. Сонда Баянғали:

Аштан-аш ол қойларың шулап қалды,

 Сағынып сен туралы жырлап қалды.

Өзіңе қара қошқар сәлем айтып,

Дорбасын «привет»деп бұлғап қалды!–деген екен. Осы сөзден кейiн Талғат қойларын екi күннен соң алып кетiпті.

                            Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *