Баянғали кiшi жездесi Талғат Досымбековпен «Сексенбайдың Талғаты, Сұлушаштың солдаты» депқұрдасындай ойнай бередi екен. Жездесi Алматыға келiп, Баянғалидың немере ағасы Жарыл-ғасын Әбiшев екеуiн жатақханасына шақырады. Екеуi келсе,жездесiнiң алғаны бес шыны «чекушка»арақ, «қазiр жұмыртқа қуырам»деп жүгiребередi. Ойнап-күлiп отырғанда балдызының жездесiне айтқаны:
Арақтан елу грамм тастап алып,
«Қуырып әкелем»деп тысқа барып,
Жездемiз қонақүйде жүредi екен,
Қолына жұмыртқасын ұстап алы
Деп едiң «балдыз,сенi бүгiн қырам»
Жездеке болды мұның стыд, срам.
Бiр жарым литрге де шамаң келмей,
Алғаныңмың екi жүз елу грамм!
Содан Жарылғасынға «балдызыма сыйлаймын»деп сағат бередi. Баянғали бiраз өлең айтады. Қызды-қыздымен, «балды-зымнан аямаймын, мына сағатымды саған беремiн», –деп, Талғат қолындағы үлкенкөк сағатын Баянғалиға берiп жатқанда,сағат шынысының сынық екенiн көрiп қалған Баянғали:
Мынауың сағат емес күтiм көрген,
Байқаймын талай жерде бүтiнделген.
Жездеке, берер болсаң бүтiнiн бер,
Мен саған апайымды бүтiн бергем!–деген екен.
Б.Әлімжанов