Ұйқыдағы жау

     Сол сапарда алматылық жас ақын Ермек Жұматаев Баянғалиға еркелеп, әзiлдесiп айтысып отырыпты. Бiр кездеҚарағандыдан келген жас ақын, қызулау болса керек, ұйықтап қалыпты. Отырған жұрттың назарын соған аударып, Ермек әлгi жiгiттi бiрталай өлең қылыпты.

Кезек Баянғалиға келгенде:

Бұл iнiм үйдеген ғой, бүйдеген ғой,

 Айтыста талайларды илеген ғой.

Бiрақ та атам қазақ батыр болған,

Жауға да ұйықтап жатқан тимеген ғой!–деген екен.

                             Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *