Баянғалидың Кеңащыдағы құрдасы Сара –директор Қалиасқар Әйткеновтың қарындасы екен. Оның күйеуi Қанат –механизатор, ол да құрдас. Бiр жылы қайнағасы Қанатты Қарасорға бiр айға қой бағуға жiберiптi. Сонда Баянғали Қанаттың атынан Сараға былай деп өлең шығарыпты:
Өзiңмен жүрушi едiм ойнап-күлiп,
Шiркiн-ай, сабар ма едiм байлап тұрып,
Ағаң бастық болғанда пайдасы ма,
Мiнеки, қойды маған қой бақтырып!
Содан Сараның атынан жауап бередi:
Төсiңдi тұрсың, Қанат, босқа қағып,
Сөзiңдi тұр ғой дұшпан, дос та бағып
Ағама бұл сөзiңдi айтып барсам,
Қой түгiлi,кетесiң ғой шошқа бағып.
Б.Әлімжанов