Жетелей бер арманым, асуларға,
Арман толы жүректе жасу бар ма?
Қияларға әрқашан қызығамын,
Ұмтыламын, алдымда асу барда.
Алып шық, қол жетпейтін арман биік,
Жүреді кейбір жаман жалған күйіп.
Арманы орындалған әр адамның,
Кетеді кеудесіне жалған сыйып!
Алмагүл ОҢАЕВА,
Бұхара облысы,
Ғыждуан ауданы