Көкшетау қаласында «Темiрқазық»жастар орталығының ұй-ымдастыруымен өткен Абылай ханның 280 жылдығына арналған айтыста қазылар алқасына хат түседi. «Баянғали қып-қызыл мас, оны сендер неге сахнаға шығарасыңдар?»–депбiреулер жала жауыпты. Осыны естiген Баянғали сахнаға шыққан соң өлеңiн былай бастаған екен:
Арақты мен бiр кезде алып iшкем,
Қиялмен әр нәрсеге барып iшкем.
Әлгiндей елiн сатқыш жазғыштарды
Дап-дайын закускасы болсыншы деп
Iшiне стақанның салып iшкем.
Арақты достарыммен күлiп iшкем,
Мәнiсiн әр нәрсенiң бiлiп iшкем
.Әлгiндей елiн сатқыш жазғыштарды
Өкiртiп, дiрiлдетiп ұрып iшкем.
Болғанмен кемшiлiгi зор басымның
,Әрдайым адалдардың жолдасымын.
Арақ пен темекiнi қатар қойған
Мен қазiр Кеңащының молдасымын!
Б.Әлімжанов