Тәуелсіз Өзбекстан

Бөбек елім, азаттыққа талпынған,
Қатал тағдыр алды талай алқымнан.
Әмір Темір, Мәңгіберді, Бабырлар,
Зұлымдыққа садақ болып тартылған.
Сезім-қыран, ойым-семсер, шабыт-күн,
Егемендік ел аңсаған жарық күн.
Елбасымыз алып шықты қайраңнан,
Ақ кемесін арман еткен халықтың.
Өзбекстан рухың – өр, нар тұлға,
Айнымашы мейір толы қалпыңнан.
Өзгелерге берген жүрек жылуын,
Айналайын шапағатты халқыңнан.
Тәуелсіздік – туың биік тұр бүгін,
Құтты болсын 22-ші жылдығың.
Өзбек елін дүниеге паш етіп,
Айқара аштың бейбіт өмір түндігін.
Қымбат Отан, топырағың әр тасың,
Сүйіп өтем, туған жердің жар, тасын.
Өзбекстан сенің құтты орының,
Безендіріп бүкіл әлем картасын.
Өзбекстан – ұлы халық өскен жер,
Ұлым, қызым, кіндік, тұсау кескен жер.
Өзбек-қазақ басы бірге түйіскен
Мал жамырап қосылады төскейде ел.
Өзбекстан – қасиетті, тұғырлы ел,
Уа жаратқан, Елбасына ғұмыр бер!
Өмір – өзен, ұрпақтармен жалғассын,
Дөңгеленіп, айнала бер, жұмыр жер!


Жарасқан Нұрбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *