Асыр салған бала кез,
Айналдың ба сағымға?
Жалаңаяң жүгірген,
Ізім қалды шағылда.
Өткен өмір қайтпайды,
Сағын, мейлі сағынба.
Өтiп кeтті елу жыл,
Көз ілеспей дөңгелеп.
Қасиетіңнен айналдым.
Туған жерім «Дөңгелек»
Жүрегімнің жартысы,
Жүрмін әлі сенде деп.
Сағынғанда ауылды,
Мейірленіп жел де өбед,
Уыстасам қызыл құм,
Жүрек дepтім емделед.
Әке-шешем өткен жер,
Қаcиeттi «Дөңгелек».
Алыс жолы – өмірдің
Тәтті кейде кермек ед.
Жасындардан от алдым,
Өлең- жырды термелеп.
Көрем сені түсімде,
Менің Меккем – «Дөңгелек».
Болат Қазбеков